Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтындарды сыпырып алды": Гипноздалған елордалық әйел қалай алданғанын айтты

Опубликовано:

Елордалық Айман есімді келіншек осыдан бес жыл бұрын алаяқтардың арбауына түсіп, гипноздың салдарынан қалай қолындағы алтындарынан айырылып қалғанын баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Көрнекі фото: medaboutme.ru: Instagram

Келіншектің айтуынша, оған осыдан бес жыл бұрын "сыйлық ұттыңыздар, бүгін келіп алып кетіңіз" деп бейтаныс номерден кездесуге шақырған екен.

"Ондай ұтыс, сыйлық дегенге ешқашан сенбейтінмін. Бірақ сол жолы əлгі алаяқтардың мені көндіргені сонша, айтқан жерлеріне жолдасым екеуміз барып, сыйлықты алып кетпек болдық.

Сол жылы вокзалда біреулер келіп, мен туралы мəліметтерді жазып алғанын білемін. Олар "ұтысқа, акцияға қатысасыз, кейін хабарласамыз" деп қалған.

Сол есіме түсіп, əлгі сыйлық ұттың деген жерге бардым. Барған соң кəдімгі салтанатты жиын ұйымдастырған екен, қымбат шарап, тіскебасар бəрі болды.

Бірақ сыйлық дегенді байқамадық. Бізге тұрмыстық техника мен шетелге демалуға жолдама алдыңыздар деген.

Бірақ жиналғандардың бəрі ештеңені байқамай, таң қалысып жатты. Кейін сондағы басшылық өздерінің кім екендерін таныстырып, жарнама агенттігі өкілдері екенін түсіндірді.

Сосын тағы бір оқшаулау бөлме тұрды. Соған шақырды. Кірдік. Басында өзім кірдім, кейін жолдасымды шақыртты.

Компания туралы айта бастағаны есімде, қалғаны бəрі есімнен шығып кеткен. Бəрі біткен соң, тек "сыйлықты мекен-жайларыңызға апарып салады" деп шығарып салды.

Біз əлгі жерде гипнозға беріліп кеткеніміз соншалық, үйге келген кезде бір-ақ қолымыздағы бар алтын жүзігім мен алтын білезігімнен айырылғанын байқадым. Жолдасым да дəл солай.

Кейін əлгі номерлерге хабарластық. Бəрінікі өшірулі тұрды, тіпті мұндай телефон нөмірі жоқ деп тұрды.

Кейін полицейлерге арыз бердік, сөйтсек біз сияқты алданып қалғандар көп болып шықты.

Кейбіреулер тіпті гипнозға түсіп, өз пəтерлерін, көліктерін сол жерде қол қойып, өзгенің меншігіне өткізіп жіберген екен", - деп түсіндірді келіншек.

Сонымен бірге, 32 жастағы елордалық тұрғын кейін алаяқтардың ұсталғанын мəлім етті.

"Кейін, бір жылдан өткеннен кейін бе ұсталды деп естідік. Бірақ барып, алтындарды қайтар деп айтуға қорықтық.

Айтайын дегенім, тегін сыйлық, ұтыс дегендерге сенбеңіздер. Бəрін еңбекпен табу керек, тегін дүние ешқашан еш жерде таратылмайды.

Біз сияқты танымайтын жерге, бейтаныс номер хабарласса бара бермеңіздер. Адамдар бұзылып кеткен, небір алаяқтардың құрбаны боласыздар", - деп кеңесін берді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802574-altyndardy-sypyryp-aldy-gipnozdalgan-elordalyk-jel-kalaj-aldanganyn-ajtty/

pixel