Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жеті баланың анасы адам шошырлық үйде тұрып жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Түркістан облысында үйі қирап қала ма деп қорыққан көпбалалы ана көптен көмек сұрайды. Мақтарал ауданы Игілік ауылының тұрғыны Аширова Күнсұлу жеті баласымен қабырғасы үгітіліп тұрған үйде тұрып жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Келіншектің қайын атасы берген бұл баспананың ескілігі сондай, дәл қашан тұрғызылғанын ешкім дөп басып айта алмайды.

Үйдің сылағы ғана емес, кірпіші үгітіліп тұр. Шатырының да сыйқы жоқ. Жанұя мүшелері бір күні үй төбесі опырылып құлап, астында қалып қоямыз ба деген үрей мен қорқыныштың құшағында жүреді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Үйге кіруге қорқамыз. Балалардың төбесін басып қала ма деп жанымды шүберекке түйіп жүремін. Өзім күндік жұмыста істеймін. Күніне 2500 теңге табамын. Әбден шаршадым. Үйді жөндеп не үй салып алуға шамамыз келмейді", - деп шырылдайды көпбалалы ана.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Аширова Күнсұлу атаулы әлеуметтік көмекке, яғни 21 мың теңгені алу үшін құжаттарын өткізіп қойған. Бірақ әлі қолы жетпепті. Көпбалалы, әлеуметтік ахуалы төмен ана ретінде сол ақшаны алса, құлайын деп тұрған үйін бұзып, жаңа үй салуға ниетті.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Балаларым әлі кішкентай. Бар тілегім, есіктің алдына даңғарадай емес, шағын ғана 4-5 бөлмелі үй тұрғызып алсақ. Перзенттерімнің түн ұйқысы тыныш болып, аман-есен болса деп армандаймын. Баспаналы болуға көмектессеңіздер", - дейді Күнсұлу Аширова.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Күнсұлудың жұбайының да денсаулығы нашар. Әзірге зейнеткер шешесі ғана арасында көмек береді екен. Ол көпшілік көмек қолын созса, тым болмаса үй тұрғызып, екі бөлмесіне кіріп алсам деп армандайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Көпбалалы ана жағдайын айтып ауыл, аудан әкімдіктерінің де есігін тоздырыпты. Алайда, ол әрекеттерінен ешқандай нәтиже шықпаған екен.

"Жүгіріп, жүгіріп шаршадым. Игілік ауылының әкіміне де, Мақтарал ауданының әкіміне де бардым. Мен жұмысқа кеткенде үй құлап, балаларымды басып қала ма деп қорқамын", - дейді Күнсұлу Аширова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802713-trkistan-oblysynda-zeti-balany-anasy-adam-sosyrlyk-jde-tryp-zatyr-foto-video/

pixel