"Ешқандай қылмыстық іс жоқ": Ақышев өзі туралы қауесетке жауап берді
Опубликовано:
Данияр Ақышев өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы қауесетке жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бас прокуратура түсіндірді-ешқандай қылмыстық іс жоқ. Мен жұмыста отырмын. Біздің баспасөз қызмет қажет болған жағдайда хабарлама береді",- деді Ақышев.
Ол жалған ақпарат таратқандардың үстінен арыз тастауы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.
"Қазір Тұңғыш президент кеңсесімен бірге пысықтап жатырмыз",- деді ол.
Айта кетейік, бүгін БАҚ беттерінде Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бас прокуратура бұл қауесетті жоққа шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802948-eskandaj-kylmystyk-is-zok-akysev-zi-turaly-kauesetke-zauap-berdi/