Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз митингке қатысуға үгіттегендер жазаланды

Опубликовано:

Алматыда санкцияланбаған митингке қатысуға шақырған үгіт жүргізушілерге шара қолданылды деп хабарлайды қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Кеше полиция қызметкерлері мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды санкцияланбаған митингке шақырып, заң ережелерін елемеген 1967 жылғы Әбдірахмановты ұстады.

Азамат ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және Алматы қаласы бойынша МАӘС шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлері өткен түнде Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында рұқсат етілмеген митингке қатысу туралы үндеулері бар парақшаларды таратқан 1948 жылы туған азаматша Өтебаеваға қатысты шаралар қолданды. Әйел адамнан 30 дана үнпарақ тәркіленді.

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азаматша Өтебаеваға, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабына сәйкес 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Алматыда рұқсат етілмеген митингке шығуға үгіттеген ҚДТ экстримистік тобының ұйымдастырушылары мен қатысушылары құрықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803323-almatyda-zasyz-mitingke-katysuga-gittegender-zazalandy/

pixel