Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хан Шатырда" көз жұмған қыз жайлы айтқан мектеп директоры кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Нұр-Сұлтандағы № 10 мектеп-гимназиясының директоры "Хан Шатырдағы" "Sky Beach Club" бассейнінде батып кеткен қыз туралы берген сұхбаты үшін кешірім сұрады. Оның айтқан сөздері жасөспірімнің ата-анасының наразылығын тудырған деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TheAmyNicholson
Фото: twitter.com/TheAmyNicholson: UGC

Білім және ғылым министрлігіне үшінші шілде күні жағалау бассейнінде қаза тапқан №10 мектеп-гимназиясы оқушысының әкесінен хабарлама келіп түскен.

"Бұл оқиғаға қатысты барлық мәселелердің қаралуы БҒМ үздіксіз әрі жіті бақылауында тұр. Осыған орай, тоғызы мен оныншы шілде аралығында бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Нұр-Сұлтан қаласындағы № 10 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы лагерінің жұмысына жоспардан тыс тексеріс жүргізбек" , - деп мәлімдеді құзырлы орган өкілдері.

Министрлік оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Тәртіп сақшылары мектеп жанындағы лагерьдің қызметімен байланысты барлық материалдарды тәркілеген.

"Өткен тексерістің нәтижесі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы директорының марқұм қыз жөнінде БАҚ-та айтқан орынсыз пікіріне қатысты фактілердің есебі бойынша аталмыш қызметтік тұлға мен сынып жетекшісіне қатысты әкімшілік протоколдар құрастырылды. Оған сәйкес, жоғарыда аталып өткен адамдар ӘҚБК 409 бабының бірінші тармағы " Педагог жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке сот арқылы тартылмақ" , - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде мектеп директоры суға батып кеткен қыздың ата-анасының наразылығын тудырған сұхбаты үшін ресми түрде кешірім сұрады.

"Қандай сөздер айтылмаса да, бұл сіздер үшін орны толмас қаза екенін білемін. Бірақ, мен сіздерден қыздарыңызды аман алып қала алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын.

Эмоцияға ерік берген сұхбатым үшін де кешіріңіздерші. Мен сіздердің Ажар жайлы естеліктеріңіз бен ата-аналық сезімдеріңізге нұқсан келтіргім келген жоқ.

Ондай ойымда да болған емес. Сіздерге қайғыра көңіл айтамын" , - деп Мәрзия Ташенованың сөздерін келтірді Tengrinews.kz.

Бұған дейін, марқұм қыз оқыған білім ордасының директоры оның оқу бағдарламасын өзге қазақ мектебінде меңгере алмағандықтан бірінші сыныпқа екінші мәрте барғанын айтқан болатын.

Мектеп басшысының сөзінше, комиссия оған "органикалық генездің психологиялық дамуындағы кідірту" деген диагноз қойған.

Бүгін қайғылы оқиға жайлы алғаш рет қайтыс болған баланың отбасы пікір білдірді. Олар мектеп директорының сөзін жоққа шығарды.

Жасөспірімнің әкесі аталмыш диагнозды растамайтын құжаттарды жинап шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші сыныпты тәмамдаған қыздың ұстаздар қадағалауымен бассейнге барып, суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиға үшінші шілде күні орын алды.

Марқұм қыздың анасы желіде оған арнаған хатын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803876-han-satyrda-batyp-ketken-kyz-zajly-ajtkan-mektep-direktory-kesirim-srady/