Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітін қайтарып алу үшін бақсыға жүгінген ару әлі күнге дейін өз бақытын таппаған

Жарияланған күні:

Қызылордалық бойжеткен бір жылға жуық уақыт жүріп, өзін басқаға айырбастап кеткен жігітін қайтарып алмақ болып, бақсының көмегіне жүгінген. Алайда ол қыздың өтінішін орындамаған. Махаббатқа мастанған ару сүйгенін қайтару үшін өзі әрекет жасап, үлкен қателікке бой алдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sethealth.ru
Фото: sethealth.ru: UGC

Бойжеткеннің сөзінше, ол 18 жасында сүйгенін жолықтырып, көп ұзамай одан айырылып қалған.

"18 жасымда бір жігітті кезіктіріп, бір жылға жуық уақыт қыз-жігіт болып жүрдік. Қатынасымызға тоғыз ай толғанда ол басқа жанды кездестіргенін айтып, артқа бұрылмастан кетіп қалды. Сатқындықты көтере алмай мен де бірнеше ай қиналып жүрдім. Құрбыларыммен көңіл көтеріп, өзімді алдамақ болдым. Бірақ бәрі бекер еді", - дейді ару.

Сүйіктісінің сатқындығын көтере алмаған сылқым құрбыларының сөзіне еріп, бақсының көмегіне жүгінеді. Бойжеткеннің болашағын жарқын етіп болжаған әжей жігіттің басын дуалаудан бас тартқан.

"Жақын құрбымның кеңесімен бір бақсыға бардым. Ол сүйіктімнің енді қайтып келмейтінін, өзге жанды кезіктіріп өмірімде бәрі жақсы болатынын айтты. Маған жігітімнен басқасының қажеті жоқ еді. Сол себепті де оны маған қайтарып беруін сұрадым. Бақсы апа ондаймен айналыспайтынын айтып, басын ала қашты", - дейді қызылордалық бойжеткен.

Жігітінен бас тартқысы келмеген қызылордалық ару оны қалай да қайтарып алудың амалын қарастырған. Алайда айтуынша, іс-әрекетінен өзі опық жеп қалған.

"Үйге келе салысымен ғаламторды ақтарып, барлық тәсілдерді қарастырып, арты-артынан жасай бастадым. Сол сәттен бастап өмірім түбегейлі өзгеріп сала кетті. Біраз тауқыметті тарттым. Ісім оңға баспады. Денсаулығым болмай бір жылым ауруханада өтті. Үлкен күнә жасаған секілдімін. Жолым болмай кетті.
Жасым жиырма бестен асса да әлі күнге дейін бақсы әжей уәде еткен жанды жолықтырмадым. Мүмкін өз бақытымды өзім қашыртып алдым ба? Бұрынғы сүйіктімнің қазір өз отбасы, балалары бар. Ал мен әлі жалғызбын", - деп сырын ақтарды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803918-zigitin-kajtaryp-alu-sin-baksyga-zgingen-aru-li-knge-dejin-z-bakytyn-tappagan/