Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз күйеуінен шаршаған әйел бастығына ойы кетіп жүргенін айтып, ақыл сұрады

Опубликовано:

24 жастағы келіншек Instagram әлеуметтік желісіндегі astana__forum тобына бір жыл отасқан күйеуінен шаршап, жұмыстағы өзінен бір жасқа үлкен бастығына көңілі ауып жүргенін айтып, жұрттан кеңес сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: notablelife.com
Фото: notablelife.com: UGC
"Күйеуім 26 жаста. Отасқанымызға бір жыл болса да,. ол осы уақытқа дейін өмірде өз орнын таппай, жұмыс істемей жүрді. Отбасын асырау менің мойныма жүктелді. Ол үнемі мен оның әйелі болған соң, оны қолдап, қарыздарын жауып, оның мәселелерін шешуім керек деп ойлайды", - деді келіншек.

Отбасылы келіншек бір жылдан бері отасып келе жатқан күйеуінен шаршағанын айтты. Әйел адам бойынынан жұбайында жоқ қасиеттерді байқаған бастығын ұнатып қалғанын алға тартты.

"Соңғы кездері бастығымды ұната бастағанымды түсіндім. Оның да маған деген көзқарасының ерекше екенін сеземін. Сымбатты, мансап қуған, мүсіні келісті жігіт. Мені ұнататынын ашық білдіріп жүр. Басым қатты. Күйеуімді жақсы көретін секілдімін, ол да мені сүйеді. Жұбайымның түр десе түрі бар. Алайда бір жылда оның басындағы мәселелерді шешіп шаршаған секілдімін. Оның бойынан көргім келетін қасиеттерді іздеймін", - дейді кейіпкер.

Бастығымен қарым-атынас құрғысы келетін келіншек, істің соңы немен аяқталарын ойлап, уайымдайды екен. Әйел адам іштей бұл сезімнің уақытша екенін сезеді.

"Қазір жұмысқа асығып тұрамын. Бірақ бастығыма үміт беріп қойсам, арамызда қарым-қатынас пайда болуы мүмкін. Күйеуім сезіміміз жайлы біліп қойса не боларын тіпті елестетуге қорқамын. Әлде бұл уақытша сезім бе?", - деп мұңын шақты ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804301-z-kjeuinen-sarsagan-jel-bastygyna-ojy-ketip-zrgenin-ajtyp-akyl-srady/

pixel