Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында аударылған автобуста болған әйел сұмдық жайттарды баяндады

Опубликовано:

Алакөл бағытындағы тас жолда автобуспен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел мән-жайды баяндап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Қарлығаштың сөзінше, ол көлге күйеуімен және балаларымен бара жатқан. Ескі автобустың жүргізушілері жас болыпты. Оған қоса, қоғамдық көлік нашар жолда жылдам қозғалған екен.

"Біз құлаған кезде жүргізуші ұйықтап кеткендей болды. Себебі кенеттен түсетін жері бар бұрылыс бар еді. Үзіліп түстік. Сұмдық болды: бәрі бір-бірінің үстінде жатты, бәрі айқайлап, балалар жылай бастады", - деп еске алды алматылық тұрғын.

Келіншектің сөзінше, бір әйел мен ер адам қысылып қалған, ал бір қыздың бетіне терезенің сынықтары кіріп кеткен.

"Бір ер адамның басынан қан кетіп жатты. Жолаушылардың жартысы зардап шекті, көп қан болды", - деп атап өтті ждолаушы.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 15 шілде күні Алматы облысының Сарқан ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолында орын алған. Автобуста 47 адам болған.

Полицияның мәліметінше, ЖКО-да үш адам түрлі дене жарақаттырын алды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдарында осы факті бойынша тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1804831-almaty-oblysynda-audarylgan-avtobusta-bolgan-jel-smdyk-zajttardy-baandady/

pixel