Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны қинаған": Шымкентте денесі табылған қыз баланың анасы оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Шымкентте келесі айда төрт жасқа толу керек болған бүлдіршіннің денесі қирап қалған гараждардың арасынан табылған еді. Оқиғаға қатысты қыз баланың анасы пікір білдіріп, мән-жайды баяндады деп хабарлайды Отырар арнасына ілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Төрт жасар бүлдіршіннің іздестіру жұмыстары басталған соң, оның денесі үш сағаттан кейін анасы екеуі тұратын жатақханадан 500 метр қашықтықтан табылған.

"Жалғыз балам. Мен оны 38 жасымда туғанмын. Оны қинаған. Денесі көгеріп қалған, беті-басы қан. Біз оның қалай көз жұмғанын білмейміз. Полицейлер ештене айтпай жатыр" , - деді қайғыдан қан жұтқан ана.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қайғылы оқиға орын алған ауданға әдетте маскүнемдер мен үйі жоқ кезбелер жиналады.

Сондықтан бұл аудан криминогендік аудандардың бірі саналады. Сонымен қатар бұл жерде ұрлық та жиі болып тұрады екен.

Қаза болған бүлдіршіннің көршілер осы оқиғадан кейін балаларын далаға шығаруға қорқып қалған.

Басылымның хабарлауынша, қазіргі таңда аталмыш аудандағы күдікке ілінген барлық тұлғалар полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Оған қоса, сараптама жасалып, тіпті баланы жерлеп тастады деген мәліметтер де бар.

Алайда, басылым полиция департаменті тарапынан оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме әлі ала алмағанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте ескі гараждан төрт жасар қыздың денесі табылғанын хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1806425-ony-kinagan-symkentte-denesi-tabylgan-kyz-balany-anasy-okigaga-pikir-bildirdi/

pixel