"Әділетсіз": Біртанов Ақтауда қамауға алынған дәрігерге қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтауда басы дауға қалып, қамауға алынған дәрігердің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Ол аса танымал балалар хирургі Насұқан Отарғазиевтің басына түскен жағдай жөнінде Facebook парақшасында жазба қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Министр өз кәсіби міндетін атқару барысында осындай оқиғаға тап болған дәрігерге тағайындалған жазамен келіспейтінін ашық айтты.
"Өз кәсіби міндетін атқару кезінде мұндай жағдайда қалған дәрігерді осылайша жазалауды әділетсіз әрі артық деп есептеймін. Бұл келіспеушіліктегі дәрігердің кінәсі дәлелденген жағдайдың өзінде (видеодан қарап, оны айтуға қиын) тәртіптік шарамен шектелуге да болатын еді. Айыппұл тағайындауға тұрарлық еді" , - деп жазды Біртанов.
Оған қоса, министрлік басшысы бұл оқиға мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру қажеттілігіне қатысты тапсырмасына қайшы келіп тұрғанын айтып өтті.
"Бұл тапсырманы іске асыру үшін денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғау Кодексі жобасына жаңа нормалар енгізді. Олар медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласпау мәселесінің төңірегінде өрбиді. Себебі, бұл жағдай дәрігерлердің де, науқастардың да қауіпсіздігіне нұқсан келтірмек.
Барша әріптестеріме ақыл, шыдамдылық, кәсібилілік, түсіністік пен барша науқастарымыз бен халқымыздың қолдауын тілеймін. Қазақстан халқының көп бөлігі сізді құрметтеп, еңбектеріңізді бағалайтынына сенімдімін" , - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін ақтаулық балалар хирургі бір тәулік қамауда отырып шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1807447-diletsiz-birtanov-aktauda-kamauga-alyngan-drigerge-katysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.