jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Туған бауырының отбасын ойрандаған бойжеткен жан сырын ақтарды

: UGC

Туған жеңгесінің ерсі қылықтарынан әбден мезі болған бойжеткен бауырын отбасынан айыру үшін ортаға өз құрбысын салған. Оның сөзінше, ол құрбысына ағасын қаратып алудың жолдарын көрсетіп отырған деп хабарлайды Instagram-дағы astana__forum тобына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: woman-psy.com
Көрнекі фото: woman-psy.com: UGC

Үш жыл бұрын отбасын құрған ағасының әйелін жақтыртпаған бойжеткен оның ерсі қылықтарын сөз етті. Оның айтуынша, келіншек ер адамды алдып, тұрмысқа шығып алған екен.

"Ағам үш жыл бұрын отбасын құрды. Жеңгемді алғашқы күннен-ақ ұнатпадым. Өзімшіл, бетбақ әйел. Бауырым екеуі үш ай ғана жүріп үйленгеніне қарамастан "Сіздердің ұлдарыңыз мені таңдады, демек, мен оның өміріндегі ең керемет дүние болғаным" деп отыратын. Оның үстіне ағама тезірек үйлену үшін ата-анам сүймеген адамыма мені тұрмысқа бермек деп алдады", - дейді кейіпкер.

Арудың сөзінше, ол жеңгесінің баламен қолы босамай жүргенін пайдаланып, туған бауырын құрбысымен таныстырған.

"Бір жылдан кейін жеңгем босанып, есі ауыса бастады. "Бұл сенің емес, менің үйім, тезірек кет, тұрмысқа шық" деп құлақ етімді жей бастады. Ол баламен үйде отырғанда мен бауырыммен бұрынғыдай көп уақытты бірге өткізетін болдым. Осылайша оны құрбыммен таныстырдым", - дейді ару.

Туған қарындасының құрбысына есі кеткен ер адам әйеліне бар шындықты айтқан. Келіншек өз кезегінде ажырасуға арыз берген. Жағымды жаңалықты естіген бойжеткеннің қуанышы қойнына сыймағанымен, ішінде қорқынышы бар екен.

"Мен құрбыма бауырымның тілін табуға көмектесіп, кеңестерімді айтып жүрдім. Нәтижесінде ағам құрбымды ұнатып, әйеліне бар шындықты айтты. Жеңгем киімдері мен баласын алып үйден кетті. Бәрі жақсы, алайда ағам енді құрбыммен қарым-қатынас құрмақ. Ал мен ол бауырыма мен туралы бар шындықты айтып қоя ма деп қорқамын" , - дейді бойжеткен.
Туған бауырының отбасын ойрандаған бойжеткен жан сырын ақтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.