Ақтөбеде лагерь тәлімгері ер балаларға тиісті деген күдікке ілінді (фото)
Жарияланған күні:
Ақтөбедегі лагерьлердің бірінде тәлімгердің үстінен полицияға арыз түсті. Аталған орталыққа ақылы түрде демалысқа барған 11-12 жастағы жеткіншектердің ата-анасы лагерь қызметкерінің үстінен шағымданған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"25 шілдеде Ақтөбе қаласы полиция бөлімшесінің жедел басқару орталығына қала маңында орналасқан лагерьлердің бірінде жас тәрбиелеуші балаларға тиіскендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша сот алды тергеу амалдары басталды, болған оқиғаның мән-жайы анақталуда",- деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ер балаларға тиісті деп күдіктелген тәлімгер қазір жұмыстан шығарылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін демалыс орталығына бардық. Алғашында басшылықтан жауап беретін адамның жоқтығын хабарлаған күзет қызметі лагерьдің сыртында жүрмеуімізді сұрап, полиция қызметкерлерін шақырды. Полиция қызметкерлері келген соң басшылықтың жауабын алдық.
"Төртінші маусымда демалған 11-12 жастағы балалардың ата-аналарынан арыз түскен. Қазір полиция тергеп жатыр. Лагерьде 50-ге жуық камера бар. Күзет қызметі 24 сағат істейді. Қазіргі уақытта тәлімгерді жұмыстан босаттық. Балалармен қатаң түрде жұмыс істеген. Би кешіне жібермеген",- дейді лагерь басшысы Айболат Ташкенбаев.
Басшылық тәлімгерге жақсы жағынан мінездеме береді.
"Студент біздің лагерьге төртінші маусымда ғана жұмысқа алынды. Жақсы жағынан өзін көрсетті. "Балапан" телеарнасының жүргізушісі болған",-дейді аға тәлімгер Уәлихан Кенжебаев.
Тәлімгердің ер балаларға қалай тиіскені әзірге белгісіз. Білім басқармасының мәліметінше, арыз төрт ата-анадан түскен.
"Төрт баланың арызына қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, лагерьге бардық. Аталған жағдай бойынша Instagram желісінде pga_alima парақшасына шыққаннан көрдік. Ер балаларға қысым көрсетілгені жазылған. Анықтау жұмысы жүріп жатқан соң болған жай айтылмайды. Жеті ер баланы үйлеріне алып кеткен. Қазір үш бала қайтып келді",-дейді білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрқожаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808328-aktbede-lager-tlimgeri-er-balalarga-tiisti-degen-kdikke-ilindi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.