Astana LRT бұрынғы басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Бүгін жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің брифингі барысында "Астана LRT" ЖШС қызметтік тұлғаларына қатысты қылмыстық іс туралы айтылды. Іс жеңіл рельсті көлік құрылысы кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша қозғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Астана LRT" ЖШС қызметтік тұлғаларына қатысты жеңіл рельсті көлік құрылысы кезінде бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр" , - деді АӨК тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.
Ол бірқатар қылмыстық істің компания басшылығының үстінен қозғалғанын айтты. Қазіргі таңда жымқырылған қаржының сомасы мен жазаға тартылатын адамдар анықталып жатыр.
Бұл оқиға бойынша сот отырысы әлі болған жоқ. Алайда, Талғат Арданға қандай айып тағылғаны мәлімделіп, оған іздеу салынды. Оны Интерпол іздестіріп жатыр.
Анықталғандай, Талғат Ардан оқиғаға қатысты тексерістер басталмай тұрып, елден кетіп қалған. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның мемлекеттен нақты қай күні кеткенін хабарлаған жоқ.
Болжам бойынша, ол былтыр немесе 2017 жылы кетіп қалған. "Ол бұл фактілер анықталмай тұрып елден кеткен".
Іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Журналистерге әзірге берілген ақпарат осы.
Айта кетейік, Талғат Ардан аталмыш қызметтен 2017 жылдың шілде айында кеткен.
30 шілде күні "Астана LRT" бұрынғы басшысын Интерпол іздестіріп жатқаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808809-astana-lrt-bryngy-bassysy-aksa-zymkyrdy-degen-kdikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.