Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Aстана LRT" бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Үкіметте өткен брифингте "Астана LRT" ЖШС басқарма басшысы Бекмырза Игенбердинов, компанияның бұрығын басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық із қозғалғанын мәлім етті. Оған халықаралық іздеу жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/AstanaLRT
Фото: facebook.com/AstanaLRT: Facebook
"Астана LRT" бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа агенттік департаменті тергеушілерімен қылмыстық іс қозғалды, оны қамауға алу туралы өтініш жолданды.
Сот шешімі бар, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысуда", - деді Бекмырза Игенбердинов.

Айта кетейік Ардан аталмыш қызметтен 2017 жылдың шілде айында кеткен еді.

Бұған дейін ол елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешевтен вокзал маңындағы көлік қоятын паркингті дұрыс салмағаны үшін, сөгіс алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808195-astana-lrt-bryngy-bassysy-talgat-ardandy-interpol-izdeude/

pixel