Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бедеу болып қал деді": Мінезі ауыр қайын әпкесінен мезі болған келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Сүйгеніне тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешкен келіншек қыңыр мінезді қайын әпкесі үшін ата-енесінен бөлек шығуға мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше, отызға таяған қыз отбасының шырқын бұзып, үнемі інісін қарғап отырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншектің сөзінше, мінезі ауыр бойжеткен отызға таяса да, әлі тұрмыс құрмаған. Сол себепті ата-анасымен бір шаңырақта тұрып келген. Отбасы мүшелерімен басы бір қазанға сыймаған сылқым туған інісін үйінен қашырып жіберген.

"Тұрмыстамын. Осыған дейін күйеуімнің ата-анасы мен әпкесімен бірге бір шаңырақ астында тұрып келдік. Ата-енем, шүкір, өте жақсы адамдар. Оларды жақсы көрем. Мәселе жұбайымның әпкесінде болып тұр. Жасы 29-да болса да, ешқашан тұрмыс құрып көрмеген. Мінезі өте ауыр. Жұмыстан жиі шығып кетеді, ешкіммен тіл табыса алмайды. Мен қарсы болсам да, біздің олардан бөлектеніп кеткенімізді қалады", - дейді келіншек.

Ешкіммен шығыса алмайтын өзімшіл ару отбасы мүшелерін бір-біріне қарсы қойып жүрген. Әйелдің айтуынша, сылқым інісімен сөзге келіп қалса, қарғыс сөз жаудырудан таянып қалмайтын көрінеді.

"Көңіліне жақпай қалсақ, ата-енемді күйеуім екеуімізге қарсы қойып қояды. Мені артымнан өсектеп, бетіме түк болмағандай күліп қарайды. Оны өз құлағыммен естігенмін. Бір жақсысы, оны анасы тыңдамайды. Мені де оның сөзіне көңіл аудармауымды сұрайды. Әкесін, тіпті, құрметтемейді. Інісіне айтпағанды айтып, әрбір жанжал сайын қарғайды.
"Күйеуім екеуіміз ұзақ жыл бала сүйе алмадық. Әрбір ұрыс кезінде әпкесі күйеуімді "Бедеу болып қал" деп қарғайтын. Жұбайым оны үнемі аяп, түсіністікпен қарауға тырысатын. Алайда осы сөздерден кейін бауырына мүлдем суып қалды", - дейді әйел адам.

Келіншектің сөзінше, қайын әпкесінің қарғысына қарамастан, ол бала көтерген. Қазіргі таңда арудың ең басты мәселесі - қайын әпкесін тұрмысқа беріп, сәбиі мен ата-енесімен бірге қайта тату-тәтті өмір сүру.

"Қазір аяғым ауыр. Бірақ баламыз ата-әжесінің тәрбиесін көріп өссе деймін, бірге тұрғым келеді. Әпкесі көңіл күйі құбылмалы болмаса, тым жаман адам емес. Оны тұрмысқа қалай беремін?", - деп ақыл сұрады ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809471-bedeu-bolyp-kal-dedi-minezi-auyr-kajyn-pkesinen-mezi-bolgan-kelinsek-myn-sakty/

pixel