Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК қауіпсіздік сертификатын тексеру жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ұялы телефондар мен компьютерлерге орнатылатын қауіпсіздік сертификатын тексеру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Комитеттің ақпараты бойынша, жүргізілген жұмыс нәтижесінде ақпараттық және кибер кеңістікте кибершабуылдарды болдырмайтын жүйе ойлап табылды.

Ведомство ақпараттық қауіпсіздіктің Ұлттық координцаялық орталығы өткен айдың ішінде мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларға қатысты 8 миллионнан асатын вирустық белсенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтағанын жеткізді.

Мемлекеттік органдарға қатысты кибертыңшылық фактілері де белгілі болған.

Сондай-ақ, қауіпсіздік сертификатын ендіруге қатысты туған проблемалық сұрақтар зерттелгені және оның ұялы телефон операторларының жұмысына тигізетін әсері анықталғаны айтылды.

ҰҚК алдағы уақытта қауіпсіздік сертификаты кибер және ақпаратты шабуылдар түріндегі қауіп төнген жағдайда қолданылатынын алға тартты.

Ведомство бұл туралы Қазақстан азаматтарына хабарлама берілетінін мәлімдеді.

"Тестілеудің жақсы нәтижелерін ескеріп, ҰҚК 7 тамызда оны тестілеу аяқталатынын хабарлайды. Алдағы уақытта ресми сайтта жекеменшік құрылғыдан қауіпсіздік сертификатын қалай өшіруге болатыны жайлы түсініктеме пайда болады", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Ведомство қауіпсіздік сертификаты Қазақстан Республикасының заңын сақтау керектігін, ел аумағында жекеменшік ақпараттың сақталу қажеттігін және құзырлы органдардың заңға қарсы ақпаратты өшіруі керектігін ескеретінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809601-kk-kauipsizdik-sertifikatyn-tekseru-zmystary-aaktalganyn-mlimdedi/

pixel