Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Досаевқа жағдайы жоқ компанияларды жабуды тапсырды

Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржылық жағдайы төмен компанияларды жабу керек деп есептейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz: Facebook

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты>>

Назарбаев бизнес-класспен ұшатын шенеуніктерді жазалауды ұсынды>>

Назарбаев кезектен тыс сайлауға қатысты сыбысқа жауап берді>>

Елбасы қаржылық сектор тұрақты болмайынша елде не экономикалық өсім, не бақуаттылық, тіпті, тәуелсіздік те болмайтынын сөз етті.

"Ербол (Ерболат Досаев, Ұлттық банк басшысы - ред.), сенің келгеніңше біз қаржылық секторды тазалау жұмыстарын жүргіздік. Ештеңеге қарамай, ақша салдық.

Қарадық, көтердік. Бірақ, шынайы сектор бір қалыпқа келтірілмесе, бір жылдан кейін өткен жылғыдай боламыз. Келісесің бе?

Егер несие алушы жағдайы нашар компания болып, ол алған ақшасын қайтара алмаса, бізге ондай компанияны ұстап қажеті не? Жабу керек. Жабудан қорқамыз - мұнда қорқатындай ештеңе жоқ", - деді Назарбаев.

Ол сондай-ақ, бір Нью-Йорктің өзінде мыңдаған компанияларды тақырға отырғызатынын, олардың орнына жаңа ұйымдар келетінін айтты.

"Біз бұған үйреніп қалдық, бірақ осы туралы ойланайық. Егер несие алушыларды емдемесек, ештеңе шықпайды. Сен келісесің бе, Ерболат? Бізде осы сұрақ бойынша жоспар бар ма? Осымен айналысуға тура келеді", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812202-nazarbaev-dosaevka-zagdajy-zok-kompanialardy-zabudy-tapsyrdy/

pixel