Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалған альпинистердің туыстары: Біз үмітімізді үзбейміз

Опубликовано:

Бүгін, 23 тамызда Қорғаныс министрлігінің баспасөз конференциясында Тянь-Шань тауларында болған құтқару операциясының қорытындысы шығарылды. Кездесуге хабарсыз кеткен альпинистердің туыстары мен БАҚ өкілдері қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Андрей Корнеев және Мурат Отепбаев. Фото: instagram.com
Андрей Корнеев және Мурат Отепбаев. Фото: instagram.com: UGC
"Біз қандай үлкен жұмыс атқарылғанын көрдік және сезіндік. Мен өз және отбасыммың атынан екі елдің мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы елшілігіне, Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысына, ұшқыштарға, альпинистерге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді.

Жігіттер күндіз-түні жұмыс істеп, бар күштерін салды. Біз үмітімізді үзбейміз және барлығы жақсы болады деп сенеміз.

Бұл елдің лайықты азаматтары, жақын достар, нағыз адамдардың барлығына рақмет", - деді Мұрат Өтепбаевтың әйелі Шахбутова Шахаризада.

Еске сала кетсек, 19 тамызда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары алматылық альпинистердің Тянь-Шань тауындағы қар астында қалғанын айтқан болатын.

Қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті жабдықтардың жоқтығынан лагерьге түсе алмаған.

Үшінші альпинист Александр Чечулиннің қайтыс болғаныхабарланды.

Альпинизм федерациясы жоғалғандарды тірі табу мүмкін еместігін жеткізген.

Әскерилер жоғалған альпинистерді іздеп, Жеңіс шыңын 14 рет айнала ұшып өткен.

Бүгін, 23 тамызда Қорғаныс министрлігінің Қырғызстандағы Жеңіс шыңында із-түссіз жоғалған қазақстандықтарды іздестіру операциясының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Жиында құтқарушылар іздеу жұмысының аяқталғанын мәлімдеді.

Ведомство альпинистерді таба алмағандарын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812670-zogalgan-alpinisterdi-tuystary-biz-mitimizdi-zbejmiz/

pixel