Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматыда алғаш рет ЛГБТ-митинг ұйымдастырылмақ

Опубликовано:

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында алғаш рет мың адам қатыса алатын ЛГБТ-митинг өтуі мүмкін. Бұл туралы Kok.team сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Tristan Fewings/Getty Images
Көрнекі сурет: Tristan Fewings/Getty Images: Depositphotos

Айдар Елкеев есімді елорда тұрғыны ЛГБТ шеру өткізу туралы өтінішін қос мегаполистің басшылары - Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаевқа білдірген.

Ер адам өз үндеуінде шараның басты мақсаты ретінде "Қазақстандағы ЛГБТ бірлестіктердің заңды қызығушылығы мен құқықтарының қорғалауын" айтты.

Мұндай арыз-өтініш "Электронды үкімет" жүйесінде тіркелген.

Жас жігіт өзі жіберген құжаттарда "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi " жөніндегі заңға жүгінгенін алға тартып, мұндай шараны ұйымдастыруға толықтай құқылы екенін айтты.

Оған қоса, ол "Аламның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және өзге жағдайларына қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне сыйласымсыздық танытуға қақы жоқ" екені жайлы заңнама бабына сілтеме жасаған.

Оның ойынша, билік өкілдері ЛГБТ т ақырыбында өтетін санкцияланған митингті өткізуден бас тартуға еш негізі жоқ.

Айда Елкеев аталмыш шараларды 30 тамыз бен 8 қыркүйек күні өткізбекші.

Егер екі әкім де митингті өткізуге өз келісімін берсе, онда шеру сағат 10:00 шамасында Нұр-Сұлтандағы Пушкин мен Құдайбердіұлы даңғылының қиылысында, Алматыда "Сары Арқа" кинотеатрының артында өтуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812919-nr-sltan-men-almatyda-algas-ret-lgbt-miting-jymdastyrylmak/

pixel