Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің қымбат автокөліктері бар ма?

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Fox News радиосына берген сұхбатында тапқан гонорарын қайда жұмсайтынын және қандай автокөлікпен жүретінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сұхбат барысында журналист DAZN стриминг компаниясымен жасалған келісімнің боксшыға миллиондаған табыс әкелетінін тілге тиек етті.

Геннадий Головкин өз кезегінде бұл ақпарды жоққа шығармады және ақшаны қалай жұмсайтынын айтып берді.

"Маған азғана ақша керек. Отбасым мен балаларым үшін ", – дейді ол.

"Үлкен "Роллс-Ройс" сияқты автокөліктер ше?" – деп қайта сұрады бағдарлама жүргізушісі.

"Менде бұрын болған (күлді). Қалжың, әрине. Мен ешқашан ондай заттар сатып алмағанмын. Лос-Анджелесте өмір сүру өте қымбат. Мен өз отбасым мен командамды жақсы көремін", – деп түйіндеді боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813592-golovkin-kymbat-avtoklikterge-kmar-emes-ekenin-ajtty/

pixel