jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Мұғалімдерге ақы төлене ме?

: Depositphotos

Биыл 1 қыркүйек – Білім күні жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұғалімдердің демалыста жұмысқа шыққаны үшін өтемақы қалай есептелетінін түсіндіріп берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

"Ашық диалог" порталындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың блогына сауал түскен.

Онда желі қолданушылары мұғалімдерді демалыста жұмысқа шығарған қаншалықты заңды және ол үшін қандай өтемақы қарастырылғанын сұраған.

"Білім және ғылым министрлігі Еңбек кодексінің нақты қандай баптарын басшылыққа алуы тиіс? Әрбір қызметкердің жазбаша келісімі болмаса, оларды демалыс күні мектептің мерекелік жиынына шығарған қаншалықты заңды? Ондайда нақты қандай өтемақы қарастырылған?", - деп сұрады Мәлік Жұмағалиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қызметкерді демалыс күні жұмысқа шығару үшін оның жазбаша келісімі болуы қажет.

"Ал жұмысқа шыққаны үшін оның қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі, я болмаса, қызметкердің күндізгі ставкасының 1,5 мөлшерінен төмен түспейтін ақы төленеді. Егер қызметкер демалыс күні жұмысқа шығудан бас тартса, бұл еңбек ережесін бұзу болып саналмайды. Демек, ешқандай салдары жоқ", - деп жазды Нұрымбетов.

Бұған қатысты елорданың білім басқармасы да пікір білдірді.

Басқарма басшысы Әнуар Жанғозиннің сөзінше, Білім күнінің демалысқа түсіп тұрғаны жақсы. Себебі ата-аналардың барлығы өз балаларын мектепке апара алады.

Ал мұғалімдерге осы күн үшін міндетті түрде тиісті ақысы немесе қосымша демалыс күні берілетінін болады.

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Мұғалімдерге ақы төлене ме?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.