Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есіріп кеткен": Сүрбойдақ жігіт қазақ қыздарына деген өкпесін айтты

Жарияланған күні:

Біраз жасқа келсе де, сүрбойдақ болып жүрген жігіт Jas qazaq басылымына үйленбей жүруінің себебін айтып, құпиясымен бөлісті. Оның сөзінше, қазіргі қыздар жаман әдеттерге құмар көрінеді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қызбен танысуға келіп, қашып кеткен жігіт өз оқиғасын айтып берді.

Оның сөзінше, қазіргі қыздар темекі тартып, сыра ішеді. Ал, ол - жақсы қызбен танысып, үйленгісі келеді екен.

"Менің ойым – жақсы қызбен танысып, жар ету. Ал мынадай қыздан құдай сақтасын!", – деді бойдақ жігіт.

Айтуынша, көп жігіттер айналасындағы қыздардың жат әдетін байқап қалатындықтан үйленбей жүр екен.

"Қазір кез келген қыз-келіншекке сенбеймін. Қазіргі қаракөздер қалтаңдағы қаражатыңа, қызметіңе қарап қадам жасайды.

Олар дайын үйге барғысы келеді. Өздері келін болуға дайын ба? Бұл жағын ойлай бермейді.

Арулардың бәріне күйе жағуға болмайды. Тексіз тентектер еркектердің арасында да жетерлік қой. Бірақ қазіргі қазақ қыздары тым есіріп кеткен секілді. Аңқау басым-ай, соларға көп алдандым", – деген азамат өмірінде алданған сәттеріне өкінетінін жеткізді.

Сүрбойдақ жігіттің анасы ертерек көз жұмып, әкесі екі ұл мен бір қызды жалғыз өзі тәрбиелеп, өсірген екен. Ұл-қыздары отбасылы болып, ауылда жалғыз қалған соң, әкелері екінші рет отбасын құрыпты.

Алайда, үйленген келіншегі отағасына банктен несие алғызып, алдап, кетіп қалған көрінеді. Онымен қоймай, әкелеріне "сенен аяғым ауыр" деп алимент өндіріп алған екен.

Бойдақ жігіт үй салып жатқанын, әкесін өзіне көшіріп алатынын айтты.

"Үйде сүрбойдақ жүрген мен ғана. Туыстардан, достарымнан да ұят болды. Бәрі бойдақтығымды бетіме басады. Бірақ қыз табу қиын болып тұр", - деді жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813954-esirip-ketken-srbojdak-zigit-kazak-kyzdaryna-degen-kpesin-ajtty/