Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқаевқа бәрін айтамын": Шаханов президентпен кездесуде қандай мәселелерді көтермек?

Опубликовано:

Танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов президентке барып, қоғамның өзекті проблемаларын жеткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұхтар Шаханов. Фото: imperiya.by
Мұхтар Шаханов. Фото: imperiya.by: Facebook
"Қазіргі кезде жұрттың көпшілігі кітап оқымайды. Ертеден кешке дейін телеарна көреді. Ал телеарнада адам көрсе ұялатындай, мазмұны мен мағынасы жоқ әндер беріледі. Сөздерін де өздері жаза салған. Жуырда "Қатын" деген бір ән орындалды. Енді, атауының өзі ұят қой. Міне, осылайша, қазіргі кезде телеарна дегенді қолжаулыққа айналдырып алған. Кім ақшаны көп берсе, соны сағаттап көрсетеді", - деді Шаханов.

Оның айтуынша, бұрын әндердің бәрін тексеріп отырған. Арнайы шығармашылық алқа қай әнді беруге болатынын шешкен.

"Қазір біз өте ыңғайсыз кезеңге тап болып отырмыз. Менің "Шындық кейде қалың арпа ішіндей бір бидай. Неге әділдік күресінде жұрттың көбі тымпибай? Ұлтсыздыққа, ұрықсыздыққа кім батылдық көрсетпесе қырғидай, Ондайлардың бүгінгі аты – Ырбикүл мен Жырбибай!" деген өлеңім бар. Қазіргі кезде Ырбикүлдер мен Жырбибайлар қаптап кетті. Туфли жалау алға шығып кетті", - дейді Шаханов.

Алдағы уақытта ақын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек. Ол сол кезде қоғамдағы барлық өзекті мәселені жеткіземін деп отыр.

"Мен осы бір-екі күнде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолығамын. Соған осының барлығын айтайын деп отырмын. Тағы да басқа үлкен проблемаларды айтамын. Негізі, Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ерекше бір адам. Ол кісінің әкесі – Кемел Тоқаев менің өлеңдерімді жатқа оқитын. Өте бір пайымды, парасатты адам еді", - деді Шаханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1814796-tokaevka-brin-ajtamyn-sahanov-prezidentpen-kezdesude-kandaj-mselelerdi-ktermek/

pixel