jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде намазхан жігіттерге тоқал болған әйелдер мешіттен көмек сұрап жүр

: Facebook

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасымен Ақтөбеге тағы да мамандар келді. "Нұр Астана" мешітінің бас имамы өңір жамағаты және мектеп ата-аналарымен сұқбаттасып, жеке кездесулер ұйымдастырып жатыр деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде намазхан жігіттерге тоқал болған әйелдер мешіттен көмек сұрап жүр
"Нұр Астана" мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов. Фото: NUR.KZ: Original
"Республикадағы діни ахуалға қатысты Ақтөбе көп жұмыс жасалып жатқан өңірдің бірі. Сондықтан жағдай назардан тыс қалмайды.

Теріс ағымдарға қатысты мәселе бір-екі жылмен шешілмейді. Бірақ 2015-2016 жылдарға қарағанда біраз жетістік бар. 2016 жылы жағдай басқа болатын.

Ол кезде теріс ағымдардың күші қатарының көп екені, белсенділігі байқалатын. Қазір мұндай жағдайлар жоқ", - дейді "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов.

Дін қызметкері өңірде мұсылман жігіттерге екінші әйел боп күйеуге шыққан келіншектердің тұрмыстық жағдайы қиындап кеткенін де айтты. Намазхандардың тоқал қылып алған әйелдері мешіттерден көмек сұрап жүр екен.

"Екінші әйел алғаннан кейін әлеуметтік мәселені қарастырмай, өзінің азаматтық, әкелік міндетін орындамай жатқан бауырларымызға шағымдар бар.

Сол үшін кеше Ақтөбе қаласындағы мешітте бір уағызымызды осы тақырыпқа арнадық.

Ер адамның отбасы алдындағы міндеті шариғат шеңберінде қалай болу керек екендігі түсіндірілді. Ақтөбенің діни қызметкерлерінен әпке-қарындастарымыз бен қыз-келіншектердің шағымдары бар екенін білдік.

Осы мәселеге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілу керектігі айтылған болатын. Мұндай деректер республика көлемінде де орын алып тұрады", - дейді астаналық имам.

Сонымен қатар, балалары үшін шырылдап, мешітке келіп көмек сұрайтын ата-аналар да аз емес екен. 

"Балам теріс ағымға еріп, Сирияға кетіп қалмас үшін не істеу керек деп келетіндер бар. Діни білімді өз маманынан алуға баса назар аудартып отырмыз.

Баланы түбегейлі діннен шектеу де шешім емес. Ол бүгін болмаса ертең басқа теріс ақпаратты қабылдап, радикалға айналуы мүмкін. Сондықтан діни мамандарды дұрыс пайдалану керек.

Баласын ертіп келіп, діни маманға жүгініп, қауіптің алдын алып үлгергендер бар. Кешігіп, қиналып жұмыс жасап жатқан ата-аналар да бар", - дейді Асқар Мұқанов.
Ақтөбеде намазхан жігіттерге тоқал болған әйелдер мешіттен көмек сұрап жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.