"Гурмандарға арналған жұмақ": Қазақстан шетелдік тревел-блогерлерге несімен ұнады
Жарияланған күні:
35 тревел-блогерлер, Қазақстанның 5 үздік туристік бағыты, қазақтардың бірегей ас үйі мен мәдениетімен танысу. Шетелдік саяхатшы блогерлер қазақ халқы оларды несімен таң қалдырғаны және несімен есінде қалғандығы жайында баяндап берді.
Қазақ қонақжайлылығы, бірегей тағамдар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ешкімді бей-жай қалдырмады. Режиссер-саяхатшы Дэниэл Вайнбергтің жағдайында да дәл солай болды, ол Қазақстанды жаңа қырынан таныды.
"Біз Алматыдағы түрлі мейрамханаларда болдық. Қазақстан гурмандар үшін нағыз жұмақ деп айтқым келеді. Маған түйе сүті, палау, сондай-ақ бесбармақ өте қатты ұнады. Менің кеңесім, егер жергілікті отбасыда қонақ бола тұруға мүмкіндік болса, онда міндетті түрде келісіңіз. Таңқаларлығы, сіз қонақта шай ішкен кезде сізге пиалаға жартылай ғана шай құяды. Егер сіз қонақтан тез құтылғыңыз келсе, онда оның шыныаяқын толық толтырып шай құйып беруіңіз керек, бұл "сіз оны ішіп, кете беріңіз" дегенді білдіреді. Ал егер жартылай болса, онда сізбен бірге шай ішу рәсімін созуға дайынбыз дегенді білдіреді", - дейді Дэниэл Вайнберг.
Ал, Карл Винсон есімді блогерді жаңа піскен жемістер мен көкөністердің мол болғаны қуантты, сондай-ақ манты мен чак-чак есінде қалды.
"Мен мұнда жаңа піскен өнімдердің жоғары сапасына таң қалдым. Біз қазақ асханасы - бұл ет және сүт өнімдері деп ойлағанбыз, бірақ мұнда жемістер мен көкөністер өте дәмді! Атап айтқанда, қызанақ, қауын және жүзім. Біз үнемі тағы да жегіміз келе берді", - дейді тревел-блогер.
Ол үшін қазақтардың тарихы мен мәдениеті де өте қызықты болды.
"Ең қызықтысы ол Қазақ мәдениетінің Оңтүстік-Шығыс Азия мәдениетімен ұқсастығы. Көптеген адамдар мені қазақ деп ойлап қала берді, бұл таңқаларлық еді. Мүмкін, біздің халықтарымыздың кейбір тарихи байланысы бар болғандығынан болар. Мен осындай мұрамды мақтан тұтамын", - деді Карл Винсон.
Тағы бір Түркиядан келген саяхатшы-блогер Үміт Йорк қазақ және түрік тілінің ұқсастығы, сондай-ақ қазақтардың қонақжайлылығы туралы айтып берді.
"Қазақтар кез-келген қонақты қуана қарсы алады, әрқашан ең құрметті орынға отырғызады, ең жақсы тамақтарын ұсынады. Осындай тамаша бауырлас халық өкілдерімен кездесу ұзақ уақыт бойы менің есімде қалады. Мен осында тағы бір рет қайтып келгім келеді", - деп атап өтті саяхатшы - блогер.
Естеріңізге сала кетейік, жоба жастар жылы аясында "A kind heart" ҚБ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы, демеушілер - Sevens ауыз суы бар "GALANZ bottlers" компаниясы және "Aviata" компаниясы.
*PR құқында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816154-gurmandarga-arnalgan-zmak-kazakstan-seteldik-trevel-blogerlerge-nesimen-nady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.