jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Айқайласаңыздар, көпір пайда болмайды": Аудан әкімі тұрғындармен тілдесті (видео)

кадры из видео
Видеодан алынған кадрлар: Instagram.com/kopilki._.kz: Depositphotos

Алматы облысында 15 қыркүйек күні кешке жолаушылар пойызы мен салонында 67 адамы бар автобус соқтығысты. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды деп хабарлайды Алматы телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:

"Ортада тұрып қалды": Куәгер Шамалғандағы апат қалай болғанын баяндады

Автобус қызылға өтіп кеткен: ІІМ Шамалғандағы апатқа қатысты пікір білдірді

Жантүршігерлік оқиғадан кейін Шамалған көшелеріне тұрғындар жиналып биліктен көпір салуды талап етті.

Алматы облысы, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев адамдардың талабын тыңдап қана қоймай, оларға ұсыныс айтты.

"Сабыр етіңіздер, сіздерге қайталап айтамын, айқай-шуларыңыз ешқандай нәтиже бермейді.

Сіздердің талаптарыңыз бен ызаларыңыз облыс әкіміне, тіпті, президентке де жетті. Мен сіздерден бір күн берулеріңізді өтініп тұрмын ғой, сейсенбі күні кездесейік.

Біз инициативті топ құрып, бұл мәселені шешеміз.

Сіздер "Мост! Мост!" деп айқайласаңыздар, көпір бұл жерде пайда бола салмайды.

Оны бәрібір 600-700 метрдей әрірек салады. Мұнда тек жаяу жүргіншілер жолы болады.

Біз осында көпірдің салынуы үшін жұмыс істейтін боламыз. Мұның бәрін келісіп істеу керек.

Құрылыстың қашан басталатынын, оған қанша уақыт кететінін, бәрін сейсенбі күні айтамыз.

Инициативті топ құрып, оны қарау үшін бір күн берулеріңізді өтінемін. Мұнда шу шығарудың қажеті жоқ. Сіздерді естідік, сіздерде бізге мүмкіндік беріңіздер!", - деді аудан әкімі.

"Айқайласаңыздар, көпір пайда болмайды": Аудан әкімі тұрғындармен тілдесті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.