Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Василий Левит тағы да әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Василий Левит Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады. Бұған себеп отандасымыздың эквадорлық боксшыға есе жіберуі деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстанның бокс федерациясы
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы: Depositphotos

91 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Василий Левит пен Хулио Кастильо арасындағы жекпе-жек бекітілген үш раундқа созылған.

Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс 3:2 есебімен эквадорлық боксшыға берілген.

Айта кетейік 31 жастағы Левит үшін бұл бокс мансабындағы үшінші әлем чемпионаты.

2009 жылғы әлем біріншілігінде боксшы медальсыз қалса, ал 2017 жылы қола жүлдегер атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі қола медальдің түскенін хабарлаған едік. Оның бірін 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов иеленсе бірін 75 келіде өнер көрсететін биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817978-vasilij-levit-tagy-da-lem-cempionatyny-finalyna-syga-almady/

pixel