Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Опубликовано:
Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына екінші қола медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

75 келіде жұдырықтасқан биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда филиппиндік боксшыға есе жіберді.
Тәжірибелі Эумин Марсиаль қазақстандықты нокдаунға жіберіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қоламен толықты. Бұған дейін 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосыновтың жартылай финалда үнді боксшысынан ұтылып, қола жүлдегер атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1817968-trsynbaj-klahmet-bokstan-lem-cempionatyny-kola-zldegeri-atandy/