Министр 21 қыркүйектегі заңсыз митингте қанша адам ұсталғанын айтты
Опубликовано:
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында 21 қыркүйектегі заңсыз митингке қатысқаны үшін ұсталғандардың санын атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"21-күні митинг өтетін жерлерге полиция жасағы қойылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Осы күні ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жеткізілді. Олардың 15-і әкімшілік жауапкершілікке, тоғызы әкімшілік жолмен қамауға алынып, бесеуі әкімшілік айыппұлға тартылды.
Қалған тұрғындармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп, олар үйлеріне жіберілді", - деді Тұрғымбаев.
Ол барлық қалаларда рұқсат етілмеген митингілердің өткізілуіне жол берілмейтіні туралы Бас прокуратура алдын-ала ескерту жасағанын атап өтті.
"Бұл әрекеттің заңсыз екенін біз де ескерттік", - деп түйіндеді ІІМ басшысы.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін 57 адамның ұсталғаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818277-ministr-21-kyrkjektegi-zasyz-mitingte-kansa-adam-stalganyn-ajtty/