"Келіндік міндетіңді атқар": Күйеуінің шағымынан шаршаған келіншек мұңын шақты
Жарияланған күні:
Жан жарының тым талапшыл екенін айтқан әйел адам astana_forum парақшасында жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Сәлеметсіздер ме, сіздерден дәстүр жайлы сұрайын деп едім. Күйеуім күн сайын "сен келінсің, келіндік міндетіңді атқар" деп шағымданады. Мысалы тойда екі сағаттан артық жүрме, балаларың бар, үйде отыруың керек. Сол кезде одан күйеу балалар не істеуі керек деп сұраймын.
Мысалы бір жездеміз бар, үйге келген сайын қал-жағдай білісіп, үнемі тәтті-дәмділерін әкеп жүреді. Ал менің күйеуім біздікілер қонаққа шақырса, сылтау тауып, бармайды. Осыған дейін кездесіп жүргенде кейде інілеріме тәттілер әкелетін. Ұсақ-түйек болғанымен, көңіл. Анам қазір күйеуінен көмек сұрамаймын, үйге де келуге шамасы келмейді деп айтады. Өз ата-анамның үйіне де 3-4 айда бір барамын.
Оның өзінде жанжалмен жібереді. Сондағы айтатыны: "Анаңды қатты сағынсаң, онда ажырасайық, сонда үнемі бірге боласын" дейді. Ал енем мен анамының қарым-қатынасы өз алдына бөлек әңгіме. Күйеумнің жағы құдалық жасаудан бас тартты. Біздікілер енді мені келіндік міңдетінді дұрыс атқармайсын деп сөгеді", - деген әйел адам моральдық тұрғыдан шаршайтынын жеткізді.
"Оған күйеу бала ретінде өзінің де атқаратын міндеттері барын айтсам, ол менің туысқандарымның алдында ешқандай міндеті жоқ екенін айтады. Мен ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес екенін білем. Алайда ол менен талап етеді. Неге мен одан талап ете алмаймын.
Анам жалғыз, інілерім кішкентай, кейде көмектескің келеді. Анам күйеуімді ешқашан жамандаған емес, керісінше соған қашан да сыйлығын жасап, құрметтеп жатады. Енем де қиын адам.
Үйде бір күн еден жуылмаса, күйеуімнің көзінше өзі жуып кетуі мүмкін. Оны көрген күйеуім тағы мені кінәлайды: "Неге өзің жумайсың, бар да өзің жу" деп айтуы мүмкін", - дейді мұңын шаққан кейіпкер.
Желі қолданушылары келіншекке ақыл-кеңестерін аямағанымен, мәселенің бәрі өзінен болып отыр деп жазған. Олар:
"Жездеңізбен күйеуіңізді несіне салыстырасыз?", "Жанұя сіздікі, ешкімді араластырмаңыз", "Күйеуіңізді жақсы жаққа қарай тәрбиелеп көріңіз, мүмкін өзгерер" деген кеңестерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818568-kelindik-mindetidi-atkar-kjeuini-sagymynan-sarsagan-kelinsek-myn-sakty/