Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даулы, экономикалық түсініксіз жоба: Тоқаев Нұр-Сұлтандағы ЛРТ туралы айтты

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі отырыста қала басшылығының Нұр Сұлтандағы жеңіл рельсті транспорт құрылысын жалғастыру туралы шешіміне пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Rezonans.kz
Фото: Rezonans.kz: Facebook

Тағы оқыңыздар:

"Қала түтінге оранады": Тоқаев құрылыстың уақытында аяқталмауына шүйлікті>>

"Бұл не қылған креатив": Президент депутаттардың отырысын сынады>>

Тоқаев Нұр-Сұлтанды дамытып, жаңа белестерге шығармақшы (фото)>>

"Енді жеңіл рельсті транспорт құрылысы - ЛРТ жайлы. Үкімет пен әкімдік даулы жобаға қатысты жұмысты шешті. Маған есеп бергендей, басқа жол жоқ. Тым әрі кетіп қалды", - деді Тоқаев.

Сонымен бірге, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің назарын осы жоба бойынша тергеуді жандандыруға аударып, бұл жобаның даулы екенін атап өтті.

"Бұл өте даулы жоба. Оның даулы екеніне сенімдімін. Экономикалық жағынан да түсініксіз.
Әрине, үкімет пен әкімдік талап еткендіктен оны іске асыруға тура келеді. Халықаралық міндеттетемелер де бар. Мәселені шешуге тырысайық", - деді мемлекет басшысы.

ЛРТ ұзақтығы 22,5 шақырымға жетеді.

"Тыңдаңыздаршы, сіздер марафон жарысында 22 шақырымнан да көп жүгіресіздер. 18 станса, демек жолдың бір бөлігі бір шақырымнан сәл ғана асады. Біз жаяу одан да көп жүреміз.

Мұндай жобаны қалай жүзеге асыруға рұқсат берілгендігін мүлдем түсінбеймін.

Үкімет пен әкімдікке ЛРТ бірінші кезеңін аяқтаудың нақты мерзімін, екінші кезеңін аяқтаудың кестесі мен тетіктерін анықтауды тапсырамын. Амал жоқ", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1820987-dauly-ekonomikalyk-tsiniksiz-zoba-tokaev-nr-sltandagy-lrt-turaly-ajtty/

pixel