jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды

: UGC

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы кезекті ойынында өз алаңында Кипрді қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: UGC

Қос құрама I тобында сынға түседі. Алғашқы алты турдан кейін екеуі де жеті ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші және төртінші орындарда келеді .Сондықтан бүгінгі кездесуде құрамалар жеңіске жету жолын іздейтіні белгілі еді.

Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық футболшылардың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Дегенмен екі құрама да жылдам сгоғып кете алған жоқ.

Алғашқы гол 34-минутта соғылды. Қарсыластар қателігін тиімді пайдаланып кеткен Темірлан Ерланов алаң иелерін алға шығарып кеткен болатын. Ал Кипр құрамасы сапынан Пиерос Сотириу 73-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Олар 84-минутта алға шықты. Бұл голды Николас Иоанну соғып кетті. Қазақстан құрамасы осылайша қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, бүгін I тобында Ресей мен Шотландия, Бельгия мен Сан-Марино ойындары өтеді. Ал 13 қазанда Қазақстан мен Бельгия кездессе, Кипр мен Ресей, Шотландия мен Сан-Марино шеберлік байқасады.

Еуро-2020: Қазақстан өз алаңында Кипрден жеңіліп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.