Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гиппократ антын бердіңіздер": Сапарбаев Атырау перзентханасына ат басын бұрды

Опубликовано:

Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Атырау облыстық перинаталдық орталыққа барып, медициналық мекеме ұжымымен кездесу өткізді. Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: Атырау облысы ӨКҚ
Бердібек Сапарбаев. Фото: Атырау облысы ӨКҚ: UGC

Әлеуметтік блок министрліктері басшыларымен бірге Атырау облысында іс-сапарда жүрген Бердібек Сапарбаев ең алдымен облыстық перинаталды орталыққа барды.

Бүгінде медициналық мекемеде 434 қызметкер, оның ішінде 62 дәрігер мен 215 орта медициналық жұмысшы жұмыс істейді.

Бердібек Сапарбаев Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшыларына өңірдегі нәресте өлімінің өсу себептерін түсіндіруді сұрады.

"Өңірдегі балалар мен ана өлімі күн тәртібінен түспейді. Біз нәтижелер өте өкінішті деп айта алмаймыз. Әр тоқсан сайын перинаталдық орталықтың мамандары отандық мамандардың да, шетелдік дәрігерлердің де оқытудан өтеді.
Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында 13 неонатолог-дәрігер Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық орталықтардың бірінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің Литваға кәсіби оқуға сапары жоспарланған. Тек осы жылы ғана орталықты жабдықтармен қамтамасыз етуге 600 миллион теңге бөлінді", - деді М. Аймұрзиева.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев қалыптасқан жағдайды түзету үшін тез арада шара қабылдау қажеттігін айтты.

Вице-премьер перинаталдық орталық қызметкерлеріне де сөз сөйледі.

"Сіздер өз жұмыстарыңызды бір минутқа да тоқтатпай, адамдарды әрі қарай емдей берулеріңіз қажет. Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер ғой. Біз сіздерден өз кәсіби міндеттеріңізді адал атқаруларыңызды сұраймыз.
Атырау облысы басшылығына перинаталды орталықта болған жағдайды жеке бақылауға алуды тапсырамын. Атап айтқанда, медициналық мекемедегі олқылықтардың орнын толтыру керек. Қылмыстық іс тергеуі заңға сәйкес жүргізіледі және жұмыс процесіне еш әсер етпейтін болады",- деді Сапарбаев ақ халаттыларға.

Вице-премьер облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының жауапкершілігін қарастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігіне тиісті бақылаудың жоқтығы үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшылығына шара қолдануды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1821730-gippokrat-antyn-berdiizder-saparbaev-atyrau-perzenthanasyna-at-basyn-brdy/

pixel