Елді шошытқан видео: Ақтаудағы мектепте елестердің бар екені рас па
Жарияланған күні:
Жақында ғаламтор кеңістігінде Ақтау мектептерінің бірінің күзетшісі түсірген видео тараған еді. Түнгі уақытта ішінде тірі жан болмаған ғимараттан бала күлкісі естілген бейнежазба елді дүр сілкіндірген болатын. Қараңғыда шыққан дыбыстар мен елестерге қатысты жергілікті мектеп басшылығы жауап берді деп хабарлайды tumba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Орта мектеп басшылығы күзетші түсірген видеодағы ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.
"Мақалада оқиға орны туралы көрсетілген ақпарат жалған және біздің білім беру мекемемізге еш қатысы жоқ. Жарияланған видеоматериалды сараптау және мектепті визуалды түрде бақылау барысында ғимарат жобасының, ішкі интерьерінің және безендіруінің сәйкес келмейтіні белгілі болды",- делінген оқу ордасы басшылығының хатында.
Сонымен қатар, мектеп басшылығы мақала пайда болған соң (көптеген сайттарда- ред) мектеп оқушылары мен ата-аналары алаңдаушылық білдіргенін хабарлады. Тіпті, оқушылар кабинетке кіруден бас тартып, сабақтарды тоқтатқан екен.
Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлеріне республика және қала тұрғындары тарапынан психологиялық қысым көрсетіліпті. Ал қызметкерлер шуды басып, білім беру процесін жалғастыру үшін мақалада көрсетілген ақпараттың жалған екенін дәлелдеуге мәжбүр болған.
Айта кетейік, қаңырап бос тұрған ғимаратта күзетшінің қызық дыбыстар естіген видеосы Whatsapp мессенджерінде таралып, артынша көптеген сайттарда пайда болды. Мектепте де, полицияда да ақпараттың ізін суытпай растау мүмкін болған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823601-eldi-sosytkan-video-aktaudagy-mektepte-elesterdi-bar-ekeni-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.