Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір оқушысы мен бір мұғалімі ғана бар ерекше мектеп әлем назарын аударды

Опубликовано:

Ресейдегі Омбы облысының Сибиляково атты ауылындағы мектепке биыл­ғы оқу жылында бір бала барды. Оған қазір бір мұғалім сабақ беріп жүр деп хабарлайды "Замана".

Фото: zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Бала келесі жылы Ертістің арғы бетіндегі ауылдағы орта мектепке барады, сонымен Сибиляководағы мектеп өмір сүруін тоқтатады.

Сибиляково – Омбы облысының Тара ауданына қарайтын ауыл. Бүгінде елді мекенде бірер үйде ғана адамдар мекендейді, жалпы саны 30-дан әзер асатын тұрғындар бар.

Олардың өзі де мүмкіндік болса, басқа ауылдарға, қалаларға көшпек ниетте.

Сибиляководағы саусақпен санарлық бірер бала бүгінде Ертістің арғы бетіндегі ауылда орналасқан орта мектепке қатынап оқып жүр.

Ертістен қайықпен жарты сағат жүзіп өтеді де, автобусқа отырып, жиырма минуттан соң мектебіне жетеді.

Елдімекендегі жалғыз оқушы – Равиль Ижмұхаметов қазір 9 жас­та, ол – Динар және Эльнора Ижмұхаметовтердің кенжесі.

Әке-шешесі көкөніс егіп, мал асыраумен айналысады. Кенжелерін әзірге көрші ауыл мектебіне жіберуге тә­уекел ете алмай отыр, ал келесі жылы амалының жоқтығынан жібе­рулері керек болады.

Жазу-сызуды меңгеруі, қатарынан қалмасы үшін әзірге Равильге сабақты 61 жастағы зейнеткер Уминур Кучукова оқытып жүр.

Жалпы, Сибиляково тұрғындарының басым бөлігі жергілікті татарлар болған. Негізі Омбы облысында олар баршылық. Бүгінде олар облыстың бірқатар аудандары мен ауылдарында шоғырланып тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823616-bir-okusysy-men-bir-mgalimi-gana-bar-erekse-mektep-lem-nazaryn-audardy/

pixel