jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Синоптиктер Қазақстанда нағыз қыс мезгілі қашан басталатынын хабарлады

: UGC

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның әр өңірінде күздің соңғы айы қандай боларын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ауа райы қызметі мамандарының хабарлауынша, елде қараша айында циклон мен антициклонның жиі ауысуынан ауа райы тұрақсыз әрі ауыспалы болмақ.

Ауа температурасы республика бойынша қалыпты шекте қалады, тек оңтүстік-батыс ағындардың әсерінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде 1°С-қа жылы болады деп болжануда.

Ай ішінде жиі жауын-шашын, желдің күшеюі, қар, тұман және Солтүстік Қазақстанда көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ, Қазгидрометтегілер бір ай ішінде әр онкүндікте суытудың 3 толқыны болатынын айтуда.

Бірінші онкндікте суық бүкіл ел аумағын қамтып, өңірлерде сынап бағанасы күндіз минусқа түседі. Елдің оңтүстік және шығыс аймағында температура нөлден жоғары қалпын сақтайды.

Солтүстік-батыста, орталық және шығыс аймақтарда түнгі уақытта температура 5-10 градус аязға дейін, кей өңірлерде - 13 градусқа дейін түседі деп күтілуде.

Синоптиктердің болжауынша, күндіз ауа температурасы минустық көрсеткішке төмендеп, кей жерлерде +5 градус болады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден -5 дейін, кей жерлерде -10 дейін, ал күндіз 3-тен 8 градусқа дейін жылылықты көрсетпек.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, осындай ауа райынан кейін, шығыста температура аздап көтеріліп, солтүстік пен орталық өңірлерде 0-ден -5 градусқа дейін, кей жерлерде түнде +3 дейін, ал күндіз +3-тен +8 градусқа дейін сынап бағанасы көтерілмек.

Қазақстанның Батыс және Оңтүстік аймағының тұрғындары термометрлерінен түнде 0-ден +5 - +8 дейін, ал күндіз +8-ден +13 градусқа дейін жылылықты көре алады. 20-қарашаға таман республика аймағында антициклон салдарынан қайтадан температура төмендейді.

Ауа райы қызметкерлерінің ойынша, қазақстандықтар температураның қатты төмендегенін айдың екінші жартсыныда сезінеді.

Елдің солтүстік аймақтарында тұрақты түрде қар жаууы мүмкін.

Әдетте, солтүстікте тұрақты қардың жаууы қараша айының бірінші жартысында, ал оңтүстік өңірлерде - қараша айының соңы – желтоқсан айының басында күтіледі. Дәл осы кезеңде Қазақстанда нағыз қыс мезгілі басталмақ.

Синоптиктер Қазақстанда нағыз қыс мезгілі қашан басталатынын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.