Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшасы тасыған меценат емеспін": 100 рет қажылыққа барған азаматпен эксклюзивті сұхбат (фото)

Жарияланған күні:

"Аллаға шүкір" тойын өткізіп, елді шулатқан Амангелді қажы Еренғайыпұлы KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берді. 46 жасында Мекке мен Мәдинаға жүз рет барған отандасымыз 16 мың қазақстандықты өз қаржысына қажылыққа апарған болып шықты. Бес ұлдан кейін қызды болған қажы той өткізуді Арафат тауында Алладан сұрағанын айтады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Амангелді қажы "Аллаға шүкір" тойын атын шығару үшін жасамағынын оның өзіндік себебі болғанын айтады.

"Алла мені жүз рет Мекке-Мадинаға шақырды. Ол жаққа бір рет барған адамның өзі өмір бойына шүкіршілікпен өтеді. Ол жаққа жүзінші рет барған мен қалайша шүкіршілік қылмайын?! Сол үшін осы тойды жасадым.
Бес ұлым бар, алтыншы перзентті қыз қылып берді. Сол  үшін және шүкір деп қостық. Биыл Арафат тауында тұрғанымда "Е Алла жүзінші сапарға келіп тұрмын, өзің шақырдың, мың шүкір! Егер осы сапарым қабыл болған болса, маған бір белгі берші" деп сұрадым.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Сонда Алланың құдіреті, 47 градус ыстықта жарты сағат жаңбыр жауды. Жаңбырдың астында шомылып, дұға тілек жасадық. Бұл белгіні Алланың қабыл қылғаны деп түсіндім. Сол үшін де Аллаға шүкір және шүкір тойын өткіздім. Мен меценат емеспін.
Болмаса, үкіметтің ақшасымен қажылық жасап жүрген мемлекеттік қызметкер емеспін. Алланың өзі маған қажылыққа апару қызметін беріп қойған. Мен өзім көзге түсіп, БАҚ-тың бетінде жүргенді жақсы көрмеймін. Той жарияланып кеткен екен. Сол үшін түсіндіріп жатырмын", - дейді Амангелді қажы Еренғайыпұлы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Үлкен қажылықта 22 рет, умра қажылықта 78 рет болған азамат "Нұр-Қазақстан" қажылық компаниясының директоры. Кешегі өткен дүбірлі тойда 400-ге жуық адамды қонақ қылған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сауд Арабиясы, Мысыр, Палестинадан келген қонақтар бар. Айтуынша, пайғамбардың ұрпақтары Шейх турки әш-Шәриф пен Шейх Мәзин әш-Шәриф тойдың қадірлі қонақтары болған.

"Сырттан адамдар келген соң қазақтың батырларын, салтын көрсеткіміз келді. Бұл тойға тек қажылар мен туғандарымды шақырдым. Себебі қажылыққа барған адам шүкірліктің не екенін біледі. Мен ақшасы тасыған меценат емеспін. Менің бар байлығым - 16 мың қажым. Осы уақытқа дейін осынша адамды қажылыққа алып бардым. Мен тойды мақтаныш үшін жасамадым.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Жүз рет бардым деп шулату ойымда болған жоқ. Қажылыққа тек Алла шақырған адам барады. Ол сапар асқан миллионер болсаң да, ақшаңның санымен баратын жер емес. Мен ең бірінші қажылыққа барған кезде қандай әсер алдым, әлі күнге дейін сол әсерде келе жатырмын. Ол жаққа бір ай бармасам "Алла мені шақырмай қойды ма?" деп көзіме жас келеді.
Қасиетті қағба өзі сондай орын ол жерге барған адамның жүрегі елжіремей тұруы мүмкін емес. Өйткені ол Алланың үйі. Мен Аллаға және шүкір қыламын. Алла менің екі рет қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуымды нәсіп етті. Бірақ мұны да тағы мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар", - дейді Амангелді қажы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Әр сапарында түрлі оқиғаның куәсі болып жүрген қажы ұлы сапарға мас күйінде барған адамдардың болғанын да айтып берді.

"Бір рет мынадай жағдай болған, арамыздағы 60 жастан асқан кісі удай мас болып, ішімдік ішкен. Ол кезде қажылыққа Түркия арқылы ұшамыз. Оны Түркияда түсіп қалатын адам шығар деп ойладым. Түркияға жеткенімізде жаңағы кісі үстіндегі киімдерін шешіп тастады. Қасындағы қажылардың барлығы қашып кетті.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Сол жерде "Нұр Қазақстан қажылары" деген сөмке қалды. Қажыларға қолдарына заттарын алуды сұрағанымда жаңағы сөмкені ешкім алмады. Өзім алдым. Сөмкенің ішінде жартылай ішілген коньяк тұр. Ана кісінің қалтасын қарағанымда бізбен бірге қажылыққа бара жатқан адам екенін түсіндім.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Тастап кету оңай. Не істерімді білмей қалдым. Қажылыққа Алла шақырған адам барады. Сол үшін де тастай алмадым. Қасиетті жерде ол адам өзгерді. Келгеннен кейін де алғысын құшақтап тұрып айтты. Сол кісі қазір бес уақыт намазын қаза қылмайтындардың қатарында.
Кейін ол кісіге жолдаманы балалары алып бергенін білдім. Себебі осыған дейін ішімдік ішетін туыстары қажылыққа барғаннан кейін жаман әдетін қойған екен. Ол кісіні оңалту ниетімен жібергенін білдім", - дейді Амангелді қажы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825666-aksasy-tasygan-mecenat-emespin-100-ret-kazylykka-bargan-azamaten-eksluzivti-shbat-foto/