Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санэпидемиологтар: Шымкенттік отбасы тамақтан уланбаған

Опубликовано:

Шымкентте екі баласынан айырылған отбасының тұтынған тағамдарын тексерген санэпидемиологтар олардың тамақтан уланбағанын мәлімдеді деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Кадрлар КТК арнасының видеосынан
Кадрлар КТК арнасының видеосынан: UGC

Телеарнаның мәліметінше, зардап шеккен отбсының үйіндегі 30 түрлі азық-түлікті тексеріп шыққан мамандар бірде-бір зиянды зат анықтай алмаған.

"Тұшпарадан гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол жаңағыдай газдың әсерінен болған улану деген сөз және де біз сот-медициналық сараптаманың қортындысын алдық.
Ол жерде де "белгісіз затпен жедел улану" делінген", – дейді Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.

Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қортынды шықпағанымен, мамандар олардың газдан уланғанына сенімді.

Десе де, пәтер ішіндегі ауадан "зиянды металл анықталған жоқ" деп отыр.

Ал отбасына сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетілмеді деген арызы бойынша Шымкенттің төрт медициналық ұйымы тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, Орынбаев клиникасының жекеменшік жедел жәрдемі мен токсикология бөлімі, жұқпалы аурулар ауруханасы және №8-ші емхана тексерілуде.

Еске сала кетейік, 3 қараша күні Шымкентте бүтін бір отбасы мүшелері белгісіз заттан уланып, олардың екі баласы қайтыс болды.

Кейін қара жамылған ата-ана сұхбат беріп, дәрігерлердің жұмысына шамданған болатын.

"Тұшпара соңғы асымыз болды" деген отбасының отағасы жартылай дайын өнімнен уланулары мүмкін екенін де жоққа шығармаған еді.

Аталған оқиғадан зардап шеккен балалардың бірі қазір қалалық гипербариялық оттектендіру орталығы дәрігерлерінің бақылауында.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826389-sanepidemiologtar-symkenttik-otbasy-tamaktan-ulanbagan/

pixel