jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Косметолог келіншекті жауыздықпен өлтіргендерге сот үкімі шықты

: UGC

Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан косметолог Батура Мамедованың ісіне қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушылардың азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: UGC

Телеарна мәліметінше, күдікке ілінгендер екі бап бойынша кінәлі деп танылып, 40 жастағы әйел адамды өлтіргені толықтай дәлелденді.

"Жангелді Қобыланов қарақшылық және адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияда өтесін. Айдана Беренова да аталған баптар бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтесін", - деді Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айгүл Қасенова.

Айыпталушылар сот отырысында кінәләрін мойындайтынын жеткізіп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

Косметологтың туысы Гүлімзат Гадирова сот шешімінің "әділ болғанын" білдірді.

"Үш бала анасыз қалды. Берілген жазаға келісеміз. Бірақ бұл біздің қызымызды, немерелеріміздің анасын қайтып тірілітпейді. Дегенмен де темір торда отырып өздерінің ең ауыр күнә жасап, асылымыздан айырғанын түсініп, жазасын алса екен", - деді ол.

Еске сала кетсек, Алматы облысында із-түссіз жоғалған сұлулық салонының қызметкері Батура Мамедованың денесі үш аптадан соң көрші ауданнан табылған. Кейін күдікті ретінде азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар ұсталған болатын.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Косметолог келіншекті жауыздықпен өлтіргендерге сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.