Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президенті Бішкекте Путин және Лукашенкомен кездесті

Опубликовано:

Бішкекте ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңесі басталды. Ол Ала-Арча президенттік резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің, Александр Лукашенко мен Эмомали Рахмонның, сондай-ақ, Сооронбай Жээнбеков пен Никола Пашинянның қатысуымен өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Амандық Омарғалиев
Фото: Амандық Омарғалиев: Depositphotos

Жээнбеков құрметті қонақтарды Конгресс орталық-резиденцияға қабылдауға арналған үлкен ғимараттың кіреберісінен қарсы алды.

Резиденцияға президенттік кортеждар кезек-кезегімен келді. Кездесуге бірінші Пашинян, кейіннен Лукашенко, Тоқаев пен Рахмон келсе, Владимир Путин соңғы болып жетті.

Артынша көшбасшылар ортақ суретке түсіп, үлкен дөңгелек үстел басына жайғасып, жиынды бастап кетті. Ал кейін олар тағы бір кеңейтілген әрі қорытынды құжаттарды қабылдайтын отырыс өткізеді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке 27 қараша күні ұшып келіп, мемлекеттік сапарын Сооронбай Жээнбековпен мәміле жасаудан бастап кетті. Ал бүгінгі күнін президент ҰҚШҰ отырысына арнайды.

Қазақстан президентін Жээнбеков бауырсақпен және балмен күтіп алды.

Осы уақытта Қазақстан басшысын қарсы алуға Ала-Арча резиденциясында қызу дайындық жүріп жатты. Онда мәрмар мұқият тазаланып, кілемдер полиэтиленмен қапталды.

Тоқаевты Қырғызстан президенті резиденцияда қалай қабылдағаны және қандай мәміле жасалғаны туралы Бішкек қаласында жүрген NUR.KZ тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829464-kazakstan-prezidenti-biskekte-putin-zne-lukasenkomen-kezdesti/

pixel