Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірімінің денесі табылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы, Темір ауданында бес күн бойы із-түзсіз жоғалған кәмелет жасына толмаған жеткіншектің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Есеналиев Сүлеймен Нүркенұлының денесі Темір ауданы, Бірлік ауылынан үш шақырым жердегі аңғардан табылды.

Оның денесінде азаптап өлтіру белгілері жоқ. Сараптама тағайындалған.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеу жұмыстарына Темір, Байғанин, Мұғалжар аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысқан.

Сүлеймен бала кезінен екінші топтағы мүгедекдер санатында.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысы Темір ауданы Бірлік ауылында мұғалімдер мен жақындары үйден білім алатын 17 жастағы оқушыны таппай жатқаны хабарланды.

24-қарашада, шамамен 18:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен Сүлеймен Есеналиев сол күйі оралмаған.

Денсаулығындағы ауытқулыққа байланысты үйден білім алатын жасөспірімді іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден хабарласуларын сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829573-aktbe-oblysynda-17-zastagy-zogalgan-zigitti-denesi-tabyldy/

pixel