jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлері "Астана" клубынан жеңілісті қалай қабылдаған

: UGC

Күні кеше Қазақстан астанасында отандық "Астана" командасы мен ағылшындық клуб "Манчестер Юнайтед" арасында матч өтті. Қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. "Қызыл сойқандардың" жанкүйерлері жеңілісті қалай қабылдағанын білгіңіз келсе, KAZ.NUR.KZ материалынан оқып біліңіз.

Фото: fc.astana.kz
Фото: fc.astana.kz: UGC

Жанкүйерлер өздерінің пікрлерін әлеуметтік желіде қалдырып жатыр. Көбінесе, олар өзінің ойларын клубтың ресми Instagram желісіндегі парақшасында қалдыруда.

Пікір жазушылардың басым бөлігі ағылшындық команданың бас бапкері отставкаға кетуі керек деп есептейді.

"Олені жұмыстан шығару керек! Нені күтіп жүргендеріңізде түсінбедім. Бізге "Манчестер Юнайтед" командасының чемпиондық менталитетін қайтаратын адам керек. Мен ашулымын", - деді қолданушы.

Дегенмен жанкүйерлердің бәрі жеңіліске аса қатты мән бермеген. Кейбір қолданушылар Оле Гуннар Сульшерді жас ойыншыларды алаңға жайдан жай шығармаған деп есептейді. Олардың ойынша, жаттықтырушы ойыншыларды болашақта өтетін салмақты матчтарға дайындауда.

"Астана" клубының негізі 2009 жылы қаланғанын жаңа ғана білдім. "Манчестер Юнайтед" әлі дами қоймаған командадан расымен де ұтылды", - деп жазды Twitter желісінде қолданушылардың бірі.
"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлері "Астана" клубынан жеңілісті қалай қабылдаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.