jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ресейге Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысуға тыйым салынды

: Facebook

WADA Халықаралық допингке қарсы агенттігінің атқарушы комитеті Ресей үшін күйінішті шешім шығарды: елге дүбірлі халықаралық жарыстарға қатысуға тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ТАСС/ Филиппов Алексей
Фото: ТАСС/ Филиппов Алексей: Facebook

Mash telegram-арнасы мәлім еткендей, Ресей Федерациясы абыройлы әлемдік спорттық ареналарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, әлем біріншіліктерінде және басқа да турнирлерде өнер көрсету құқығынан айырылды.

Ресейліктер 2023 жылы үлкен спортқа оралуға мүмкіндік алады: халықаралық агенттіктің шешімі төрт жылға белгіленген.

Бұдан бөлек, әлемдік ведомство Ресейдің допингке қарсы агенттігінің мәртебесін жойды, ал ресейлік спорт шенеуніктеріне, олимпиадалық және паралимпиадалық комитеттер басшыларына ірі турнирлерде бой көрсетуге тыйым салды.

Бұндай қатаң шешім шығарылуына комитеттің баяндамасы жарияланғаннан кейін қараша айының соңындағы допинг дауы себеп болды. Сол кезде көршілес мемлекетті төрт жылға үлкен спорттан шеттетуге ұсыныс жасалған болатын.

Биылғы жылдың басында Ресей халықаралық допингке қарсы агенттікке өз спортшыларының қан анализі нәтижелерін жіберген болатын. Ол жерде 7 жыл бұрынғы, 2012-ден 2015 жылға дейінгі алынған тест нәтижелері бар екені хабарланды.

Соның нәтижесінде WADA ресейлік допингке қарсы агенттіктің спортшылардың допинг-бақылаудан өтпегенін жасырып, әдейі жалған көрсеткіштер ұсынды деген шешімге келді.

Енді ресейлік спортшыларға тек бейтарап ту астында жарысқа қатысуға рұқсат берілді.

Дегенмен, аталған шешім ресейлік футболшыларға қатысты емес. Олар келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатына, Чемпиондар лигасына қатыса алады.

Ресейге Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысуға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.