jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Көкшетауда ерекше балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері талқыланды

: Facebook

Арнайы білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіптік бағдарлаудағы бірлескен қызметі Көкшетау қаласында өткен бірінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция барысында талқыланды. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Ақмола өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Көкшетауда ерекше балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері талқыланды
: Facebook

Ғылыми-практикалық конференцияны Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов құттықтау сөзімен ашты. Іс-шараның модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Марат Ибраев болды.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың түрлі білім беру аспектілері бойынша өз баяндамаларын бірқатар педагог-мамандар ұсынды. Бұл ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Диларам Саутова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры Светлана Ысмағұлова (Нұр-Сұлтан қ.), «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ТБЖ мазмұнын жаңарту департаментінің бас менеджері (Нұр-Сұлтан қ.), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Шаяхметова, АМКУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Дмитрий Лепешев және басқалары.

Бірінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар панельдік пікірталастар мен секциялық отырыстарға қатысты. Аталған іс-шаралар Көкшетау қаласының түрлі білім беру мекемелерінде өтті.

Көкшетауда ерекше балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері талқыланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.