RU

«Туған жер» арнайы жобасы: Ақмола облысында 481 әлеуметтік бастама жүзеге асты

Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бизнес-қауымдастық өкілдеріне жаңа әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қуатты серпін берді деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

«Туған жер» арнайы жобасы: Ақмола облысында 481 әлеуметтік бастама жүзеге асты

Жыл басынан бері кәсіпкерлер 5 млрд теңгеден астам сомаға 481 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. 64 әлеуметтік нысан қайта жаңғыртылды, олардың ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, мәдениет нысандары, әлеуметтік саланың 73 жаңа нысаны және 300-ден астам өзге де жоба салынды.

Ақмола облысында 200-ден астам ұйым мен жеке тұлғалар туған өлкесіне барынша көмек көрсетіп келеді.

Мәселен, Көкшетау қаласында «Ивеко» ЖШС қаражаты есебінен 200,0 млн.теңгеге спорт зал (жекпе-жек өнері және футбол) салынды.

«Колос Золотая Нива» ЖШС директоры, кәсіпкер Александр Джейранов туған жері Сандықтау ауданы Васильевка ауылының дамуына өз үлесін қосуда. Ол хоккей кортын салып, 183 млн. теңгеге мектеп асханасына арналған құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алды.

Сондай-ақ, меценаттар мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыруға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды азық-түлікпен қамтуға, оқушыларды мектепке дайындауға және т.б. қолдау көрсетуде.

Кәсіпкерлер инфрақұрылым саласына да қолдау көрсетіп келеді. Ірі жобалардың бірі – «Нұрай Строй Компаниясы» ЖШС-нің Қосшы ауылында су бұру желілерін (кәріз) және су құбыры желісін салуы.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында меценат , «Шалқар» ЖШС директоры Дулат Қамзебаевтың қаражаты есебінен Целиноград ауданының Шалқар ауылдық округіндегі мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізді.

Қайта жаңартылған Мәдениет үйі – демалыс орталығының салтанатты ашылуы Тұңғыш Президент күніне орайластырылды.

«Енді бос уақытымзда баруға болатын орталық салынғанына өте қуаныштымыз. Біздің ауылда белсенді жастар көп. Бұл орталық ойларымызды жүзеге асыруға, өзіміз және қоғам үшін пайдалы бос уақытты өткізуге, болашақта үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі деген сенімдеміз!»,- дейді Целиноград ауданының құрметті азаматы Төлепберген Жанатуғанов.

Жалпы, бұл бастамалар өңірдегі бизнес-қауымдастық өкілдері арасында жақсы пікірге ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831463-tugan-zer-arnajy-zobasy-akmola-oblysynda-481-leumettik-bastama-zzege-asty/