Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия мен Испания деңгейінде: Қазақстанның ересектері қаншалықты сауатты

Жарияланған күні:

БҒМ басшысы халықаралық PIAAC зерттеуінің қорытындысын жариялады. Мұнда елдің ересек тұрғындарының оқу және математикалық сауаттылығы, сондай-ақ цифрлық ортадағы тапсырмаларды шешу қабілеті бағаланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Төменде сөз болатын зерттеуде 16-65 жас аралығындағы адамдардың оқу, математикалық сауаттылығы мен есептерді сандық ортада шығара білу дағдыларын бағаланады. Қазақстан мұндай зерттеуге алғаш рет қатысып отыр.

Сонымен, қазақстан халқының оқу сауаттылығы Испания және Италиямен деңгейлес, бірақ ЭЫДҰ елдерінен айтарлықтай төмен.

Зерттеу нәтижелеріне сай, әлем бойынша адам дағдыларының даму шыңы 25-34 жасқа келеді, ал одан әрі құлдырау басталады.

Алайда Қазақстанда жағдай мүлдем басқаша: 25-34 жастағы тұрғындардың білімі 55-65 жас аралығындағыларға қарағанда төменірек. Министрдің Facebook парақшасында хабарлауынша, сауалнамаға қатысқан жалпы 25-34 жастағы азаматтардың 50%-ның жоғары білімі бар, ал 55-65 жастағы адамдардың 27%-ы ғана жоғары білім алған.

Қазақстан халқының жартысы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылығы бойынша тек екінші деңгейге қол жеткізген, ал халықтың төрттен бір бөлігі ғана (25%) жоғары деңгейде.

Зерттеу қорытындыларын түйіндей отырып, ел тұрғындарының басым бөлігі анализ бен талдау мен жинақтауды қажет етпейтін оңай математикалық тапсырмаларды шеше алады деуге болады.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан 50% тұрғын жеңіл мәтіндермен, сондай-ақ талдауды, сараптауды және түсіндіруді талап етпейтін ақпаратпен ғана жұмыс істей алады.

Бір қызығы, ел халқы, әдетте, өздерінің білімі мен дағдыларына жиі жүгінбейді, оларды іс жүзінде күнделікті өмірде қолданбайды. Аймағамбетовтың пікірінше, бұл дағдылардың әлсіреуіне және жоғалуына әкеледі.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың тек 17%-ы ғана әртүрлі білім беру іс-шараларына қатысатыны анықталды. Бұл - ең төмен көрсеткіштердің бірі. ЭЫДҰ елдерінде мұндай шараларға халықтың 44% қатысады.

Министрдің сөзінше, халықтың математикалық сауаттылығы тұрғындардың жалақысына әсер етеді: бұл көрсеткіштің өсуі сағатпен төленетін жалақыны 5,9%-ға арттырады.

Министрдің айтуынша, қазақстандық азамат неғұрлым көп оқыса, келешекте соғұрлым көп жалақы алады.

Аймағамбетов зерттеуді қорытындылай келе, кәсіптік және жоғары білім сапасын айтарлықтай жоғарылату қажет екенін айтты. Одан бөлек, студенттер жай ғана оқып қоймай, қажетті дағдыларды үйренуге "оқуға үйренуге" тиіс. Бұл кез-келген азамат өз дағдыларының кемшін тұстарын біліп, оны қалай жетілдіруге болатынын білуі керек.

Министр сондай-ақ, ЖОО білімі мен мемгранттарға көбірек қаражат салу керек деп есетейді: бұл тұрғындардың сауаттылығын көтеруге көмектеседі.

БҒМ басшысының айтуынша, қазақстандықтар оқу мен білім алуға аса мән беріп, уақытының көп бөлігін соған бөлуі тиіс. Ал мемлекеттік органдар бейресми білімге баса назар аударуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831464-italia-men-ispania-degejinde-kazakstanny-eresekteri-kansalykty-sauatty/