Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Тәуелсіз елімді жырлаймын»: Көкшетауда ақындар мүшайрасы өтті

Опубликовано:

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сондай-ақ «Ақмола-адалдық алаңы» жобасының аясында «Достар» Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіз елімді жырлаймын» республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

«Тәуелсіз елімді жырлаймын»: Көкшетауда ақындар мүшайрасы өтті

Іс-шара жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулу, ұлттық рухани мұраны насихаттау және ұлттық сана-сезімді ояту, сондай-ақ адам бойындағы адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенімділік асыл қасиеттерін дәріптеу мақсатында өтті. Мүшәйраға Петропавл, Семей, Нұр-Сұлтан, Степногорск және Көкшетау қалаларынан 16 жас пен 29 жас аралығындағы 26 жас ақын қатысты.

Қазылар алқасы мүшелігінде – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Көкшетау» газетінің бас редакторы, ақын-журналист Серік Жетпісқалиев, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филиология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Жәмбек, ақын Қуаныш Оспан, Ақмола өңірлік «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі, ақын, Қайрат Сейтқазин, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің тарих пәнінің оқытушысы Талапкер Уалиев болды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Оралбек Нүріш жеңіп алды. Бірінші орынды Орталық Қазақстан Академиясының студенті Асемгүл Серікбол, екінші орынды - Нұр-Сұлтан қаласынан Абылай Мәулен мен Петропавл қаласынан Абылайхан Әшімхан және үшінші орынды Семей қаласынан Еламан Оспан және Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің шәкірті Ұғылан Қарашаш иеленді.

Іс шара соңында Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова жеңімпаздарды құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831465-tuelsiz-elimdi-zyrlajmyn-kksetauda-akyndar-msajrasy-tti/

pixel