Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал күйші қос жанары көрмейтін қарағандылық баланың арманын орындады (видео)

Опубликовано:

Қарағандыда қос жанары көрмейтін күйші жігіт тұрады. Нұрдәулет Сағатбек қазақтың төл аспабының үнінен төгілген күйді естіп, өзі де домбыра шертуді үйренген. Бүгінде жарық әлемді өз көзімен көре алмайтын жеткіншектің арманы орындалды. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, белгілі күйші, дирижер Арман Жүдебаевпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық арнадағы "Niet" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: facebook.com/kerimayankyzy
Фото: facebook.com/kerimayankyzy: Twitter

Студияға анасымен бірге келген Нұрдәулет жиырма шақты күй біледі. Қос жанарынан айырылған ол бабаларымыз сияқты құйма құлақ.

Өзі осыған дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесіп, бірге күй тартуды армандаған.

Қарағандылық таланттың бойындағы дарыны жайлы естіген консерватория ректоры да кездесуге бірден асығыпты.

Ол Нұрдәулеттің әндерін әлеуметтік желіден тыңдап, дарынына тәнті болған екен.

Ақырында өнерпаз жеткіншекпен жүздескен Жүдебаев онымен бірге Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйін орындады.

Ректор күйші жігітті алдағы концертке алып шыққысы келетінін де жасырмады.

"Келесі жылы өз жеке шығармашылық концертімді өткізуді жоспарлап отырмын. Соған міндетті түрде Нұрдәулетті шақырамын. Сол кезде дүйім жұрттың алдында "Әлқиссаны" орындаймыз",- деді ол.

Ол Нұрдәулетке қазақтың қасиетті домбырасын сыйға тартты.

Айта кетейік, Арман Жүдебаев 2013 жылдың кыркүйегінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2018 жылы "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Халық әртісі Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831527-arman-zdebaev-kos-zanary-krmejtin-kjsi-balany-armanyn-oryndady-video/

pixel