jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді

: Instagram

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің жаттығуға кіріскенін және келесі жекпе-жектің өтетін уақытын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/islamkanatqazaq
Фото: instagram.com/islamkanatqazaq: UGC
"Достар! Жаттығу процесі басталды! Келесі жылдың наурыз айында бізді үлкен жекпе-жек күтіп тұр! Жаңалықтарды қадағалаңыз", — деп жазды Қанат Ислам Instagram парақшасында жағада жаттығып жүрген видеосын жариялап.

Еске сала кетейік, боксшы осы жылдағы соңғы жекпе-жегін 26 қазанда өткізген болатын. Алматыда басты бокс кешінде қазақстандық спортшы бірауыздан төрешілердің шешімімен Намибиядан келген боксшы Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 KO) — 97-92, 97-92, 99-92 есебімен ұтты.

Осылайша ол бірінші орта салмақта International WBO титулын сақтап қалды. Нәтиже көптеген даудың тууына себеп болды, ал Каутондоква тарапы Дүниежүзілік бокс ұйымынан (WBO) өтемақы талап етуге шешім қабылдады.

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.