Хабиб Нурмагомедов Алматыға келіп жетті
Опубликовано:
Ресейлік аралас жекпе-жектің жұлдызы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның мәдени астанасының қонағы атанды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде алматылық футболшы мен ресейлік спортшының бірлескен суреттері жарияланғаннан кейін белгілі болды деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ.
![ааааа ааааа](https://cdn.nur.kz/images/1120/486681f76e1d9bc4.jpeg)
Қазақстандағы ең көп талқыланатын жас ойыншылардың бірі Димаш Кашкен өзінің желідегі парақшасында түрлі ресейлік жекпе-жек шеберлерімен түскен бірнеше суретін жариялады.
Фото анықтамасында олардың Instagram-дағы аккаунттарына сілтемелер қалдырған.
Аталмыш суреттерде Ислам Махачев, Зубайра Тухугов сияқты аралас стильдегі спортшылар, сондай-ақ жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов бар. Сонымен бірге, фотода қаланың геологиялық орналасуы да көрсетілген.
Айта кетейік, Хабиб 25 желтоқсанда 18: 00-де «Алматы Арена» спорт кешенінде өтетін GFC (Gorilla Fighting Championship 23) турниріне арнайы қонақ болады.
Аренада қазақстандық жекпе-жек өкілдері де, шетелдіктер де қатысады. Сонымен қатар, 13 кездесу өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) өзінің жаттығуға кіріскенін және келесі жекпе-жектің өтетін уақытын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833108-habib-nurmagomedov-almatyga-kelip-zetti/